Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp-тың көздері мен құлақтары: медиа-серіктестері

30.09.2015

ZhasCamp-тың медиа-серіктестері жайлы айтып шығуға уақыт келді, олардың сайттарында жақында жастар [бейресми]конференциясы туралы қызықты мақалалар, бейне және фоторепортаждар пайда болады. Camp үш қалада өтетін болса да, біз жастардың үштен бірін де қабылдай алмайтынымызды мойындауымыз керек. Сондықтан, бізге келе алмайтындар мақалаларды оқып, теледидарлық арқауын көре алатын болады. Биыл бізді 13 медиа-серіктестер қолдап отыр, ал біз болсақ шын жүректен кадрдың, монитордың және газет топтаманың арғы жағында тұрған журналисттерге, операторларға, продюсерлерге, редакторларға алғыс айтамыз. Жастарға назар аударғаңыз үшін үлкен рахмет!

Шымкент қаласында конференцияның бас медиа-серіктесі қаланың ең жас және серпінді TVK телеарнасы болды. Телеарнаның қызметкерлері өздері жас болған соң дәл осы телеарна бізді өзінің бағдарламасында көрсететіні таң қаларлық емес. TVK ZhasCamp-тың ең тамаша және естен кетпес сәттерін көрсетеді.

«Добрые вести» (Жақсы хабар) ақпараттық портал – бұл қарапайым, бірегей адамдардың ерекше және қызықты, әлемді өзгертетін оқиғалармен танысуға мүмкіндік беретін сайт. Осында тек жақсы жаңалықтар жарияланады, ал интернет-басылымның борышы – өмірге келтіретін ұстанымды қалыптастыру. ZhasCamp-ке тіркеу басталғаны туралы дәл осы порталдан бірінші болып білдіңіз, өйткені портал редакциясы жоба үшін промоушн бейне-ролик жасады.

Ақпараттық-талдамалы And.kz интерактивтік ресурсы және «Бизнес пен Өкімет» іскерлік газеті үш жыл қатар жастар конференциясын қолдап жүр, сонымен қатар басқа да жобаларда біздің тұрақты медиа-серіктестеріміз болды. Сол себеппен осы редакция жастар аудиториясын жақсы көретіні анық. Газеттің бетінде және сайтында әрқашан өзекті, сапалы, қызықты және пайдалы ақпараттарды оқи аласыз. Басылым Қазақстан өмірінің әртүрлі салаларында болатын басты оқиғалар туралы сарапшылардың болжалдары мен пікірлерін ұсынады.

Yvision блог-платформасы мемлекетіміздің басты пікірталастық алаңшасы, Қазақстан мен Орта Азиядағы ең үлкен блог-порталы, онлайн-күнделіктерді жүргізу үшін арналған тегін әлеуметтік сервисі. ZhasCamp-ті қолдаудан Yvision бірінші орын алды – 2010 жылдан бастап блоггерлер ZhasCamp туралы жазуды қоймайды.

Gazeta.kz медиа-порталы бізді екінші жыл қолдап отыр. Бұл электрондық БАҚ, Қазақстандағы ең үздік қоғамдық-ақпараттық порталы, өз дәрежесінде Казнеттің бес мықты ресурстарының біріне жатады. Портал кең мақсатты аудиторияға бағытталған. Қазақстан агенттігінің жаңалықтарын, әлемдік оқиғалар мониторингін, жетекші журналисттер мен көсемсөзшілердің аналитикасын күнделікті жариялайды, танымал адамдар мен сарапшылармен бірге веб-конференцияларды өткізеді.

«Эксперт Казахстан» іскерлік басылымы Қазақстандағы теңі жоқ апта сайын шығатын жалғыз ғана журналы. Басылым қызметкерлердің барлық білімдері мен тәжірибесі қазақстандық компаниялардың өркендеуіне бағытталған. Олар өзекті күн тәртібін жасайды, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талдап, шешу жолдарын ұсынады.

Жас, серпінді өсіп келе жатқан ақпараттық-көңіл жадырататын Headline.kz сайты әрқашан тек қызықты, өзекті жаңалықтарды ұсынады.

Vox Populi– Қазақстандағы ең бірінші және ең жақсы мемлекет, адамдар, олардың өмірі туралы фоторепортаждар сайты. Суретке түсірушілер мен журналисттер әркім елде қандай мәселелер, мақтаныш себептері бар екенін, осы жерде қандай адамдар тұрып жатқанын білсін деген мақсатымен

өзекті әлеуметтік репортаждарды дайындайды. Бұл Казнет ресурстарының арасында ең танымал, және биыл Vox Populi ZhasCamp туралы бірінші рет жазып тұр.

«Жаңа өңір» – 1999 жылы 13 қаңтардан бастап жұмыс істейтін Тараз қаласының апта сайын шығатын облыстық жарнама хабар газеті. 2005 жылы тәуелсіз маркетингілік компания өткізген зерттеу деректері бойынша осы газет «Тараздағы №1 газеті» марапатын алды. Қазір де бірінші орында тұр. Бұдан басқа, сайт парағында аймақтың бас жаңалықтары жазылып тұрады. 2013 жылы басылым журналисттері конференцияға қатысу үшін Алматы қаласына келді, ал осы жылы қолдау көрсетіп жүр.

Informburo.kz – мәселелерді басқа жағынан көруге мүмкіндік беретін мультимедиялық ақпараттық–аналитикалық порталы.

LOOK magazine – Шымкент қаласында ең бірінші шыққан жылтыр мода журналы. Мода мен сұлулық әлемінде болып жатқан жаңалықтарды жақсы көретін адамдарға арналған журнал.

Және де, Tumba.kz – Ақтау каласында апта сайын шығатын газеті. Осында сіздер Маңғыстау облысының соңғы жаңалықтарын, өндіріс және өнеркәсіп туралы қызықты материалдарды, танымал адамдардың және саясаткерлердің сұхбатын оқи аласыз.

Благодарим за поддержку

Медиа-партнеры

139 documentary centre
Ayt community
Masa
Цех361
Kloop
Bashta
Ololo
Sening Mening Haqqimiz
Мос
Feminita
Qizlar collective
HOOK report
Sarpa media
Бухгалтерия
Салем
Go Viral